
Жобаны «Жасыл даму» акционерлік қоғамы іске асырды.
Платформа арқылы жеке және заңды тұлғалар шыны, қағаз, картон, пластик қаптама мен пленканы өткізуге онлайн өтінім бере алады. Бұл — қалдықтарды қабылдау мен өткізудің ашық әрі цифрландырылған форматы.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, үкімет қалдықтың әрбір түріне арнайы өтемақы мөлшерлемесін бекіткен:
қағаз қалдықтарының 1 келісі үшін – 45,61 теңге;
шыны қаптаманың қалдықтары – 57,25 теңге;
полимерлі қаптама – 71,76 теңге;
жеңіл және жүк шиналары – 53,08 теңге.
EcoQolday арқылы қалай жұмыс істеуге болады?
Қосымшаны жүктеп, тіркелу қажет;
Қалдық өткізуге өтінім қалдырылады;
Жинаушылардан ұсыныстар қабылданады;
Келісім жасалып, қалдық тапсырылады.
Қосымша Google Play және App Store платформаларында қолжетімді.
EcoQolday — Орталық Азияда баламасы жоқ экологиялық жоба. Қазіргі таңда платформада 64 компания, 38 жинаушы, 17 қайта өңдеуші және 9 толық циклді кәсіпорынмен келісімшарттар жасалған.
Қосымша іске қосылған сәттен бері 23,4 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді. Оның ішінде:
– қағаз қалдықтары – 18,0 мың тонна,
– шыны – 5,1 мың тонна,
– пластик – 0,3 мың тонна.
Мамандардың айтуынша, бұл жоба еліміздегі қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.