
Парламент Сенатының қарауына Жоғарғы Сот судьялары Досжан Сарманқұлұлы Әмірді отставкаға шығуына байланысты және Герман Кәрімұлы Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты қызметтерінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде Әмір Досжан Сарманқұлұлы зейнеткерлік жасқа толғандығын, судьялық жұмыс тәжірибесі мол (36 жыл астам), бірнеше облыстық соттардың төрағасы болғандығын атап өтті. Досжан Сарманқұлұлының судьялар қауымдастығында беделі зор. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы болып табылады.
Жоғарғы Соттың тағы бір судьясы Герман Кәрімұлы Нұрбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Соты Пленумының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының төрағасы болып сайланды.
Парламент Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша Жоғарғы Сот судьясы Досжан Сарманқұлұлы Әмірді отставкаға шығуына байланысты және Герман Кәрімұлы Нұрбаевты басқа қызметке сайлануына байланысты қызметінен босатты.