Қазақстанда мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру үшін Инновациялық штаб құру ұсынылды.
Бұл туралы Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ел Global Innovation Index рейтингінде 81-орында тұр. Ал Экономикалық күрделілік индексі бойынша 55-орында.
Ол инновациялық даму бір ғана ведомствоға емес, 10-нан астам мемлекеттік органның үйлесімді жұмысына тәуелді екенін атап өтті.
Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен даму институттарының іс-қимылын біріктіретін бірыңғай үйлестіруші орган – Инновациялық штаб құру ұсынылып отыр.
Министр инновацияларды дамыту үшін үйлестірумен қатар, жүйедегі өзге де мәселелерді шешу қажеттігін жеткізді.





