Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде маркетплейстерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Елімізде маркетплейстерге қойылатын талаптар күшейтіледі

Қазақстанда электронды сауда платформаларын бизнеспен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде арнайы шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылып отыр.

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның жаңа редакциясы Мәжіліс депутаттарының қарауында.

«Заң жобасында электронды сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың талаптарын орындау жөнінде шарт жасасуға міндеттеу көзделген. Бұл талап орындалмаған жағдайда, недобросовестный сатушы ғана емес, сондай-ақ электронды платформада сауда жасау мүмкіндігінен айырылуы да мүмкін», – деді Болат Танабергенов 24 қараша, дүйсенбі күні ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы қазіргі қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң офлайн-сатушыларға қойылатын талаптардың онлайн-сатушыларға да қатысты екенін атап өтті. Алайда бұл талаптар маркетплейстер арқылы сауда жасайтын сатушылар тарапынан жиі сақталмайды.

2022-2024 жылдар аралығында электронды сауда саласына қатысты тұтынушылардан келіп түскен шағымдар 5,5 есе артып,5 мыңнан 14,5 мыңға дейін жеткен. Биылғы жылдың 10 айында ғана 15,3 мың өтініш тіркелген.

Ұқсас материалдар