Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Елімізде жер үйді төтенше жағдайдан сақтандыру міндетті болады

Елімізде жер үйді төтенше жағдайдан сақтандыру міндетті болады
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.  

Бірқатар өңірде жер үйлерді төтенше жағдайдан сақтандыру міндеті енгізіледі. 
– Қазір Азиялық даму банкі және дүниежүзілік банкпен бұл жобаны әзірлеп жатырмыз, яғни төтенше жағдайда жер үйлерді сақтандыруды енгізу. Кім қанша төлейді әзірге белгісіз. Мүмкін 5 мың теңге, мүмкін үйі нашар болса, жылына 1 мың теңге төлейді. Бірақ, судың астында қалса, жер сілкінісі болса, өтемақыны сақтандыру арқылы алатын болады, – деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір жер үйлерді сақтандыру мәселесі сарапшылармен талқыланып жатыр. 

– Қымбат жер үйдің иесі жылына 50 мың теңге төлесе, ал ауылдағы қарапайым жер үйге жылына 1-2 мың теңге болады, одан жоғары болмайды деп ойлаймын, көп болса 5 мың теңгеге шығады. Бұл міндетті болады, бірақ тек төтенше жағдайлар қаупі бар өңірлерде ғана, – деп толықтырды Қанат Бозымбаев.

Ұқсас материалдар