
Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, декларация тапсырады.
Яғни, жалдамалы пәтердің иесі үйін өткізгені үшін салық төлейді. Дереккөзге сенсек, азамат баспанасын 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2 400 000 мың деп есептеледі. Осылайша, дәл осы соманың 10 пайызы ұсталады.
«Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек. Алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы. Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл қызмет түрін заңдастыру үшін жасалған. 10 пайыздық мөлшерлемеге зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдер кірмейді.