
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Ержан Іргебайұлы Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ержан Сейтенов 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорнында жұмысшы болып бастаған.
2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда басшылық қызметтер атқарды. Кейін Алматы қаласында Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларын басқарды. 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болды.
2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.