Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Есепшоты бұғатталғандар жалақыны қолма-қол ала алады

Есепшоты бұғатталғандар жалақыны қолма-қол ала алады

Қазақстанда есепшоты бұғатталған азаматтарға жалақыны қолма-қол төлеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ұсынды. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда елде шамамен 1,5 миллион адамның банк есепшоты бұғатталған. Соның салдарынан олар жалақысын толық пайдалана алмай, тіпті жұмысқа орналасуда да қиындықтарға тап болып отыр.

Ұсынысқа сәйкес, егер азаматтың қарызы болса, жалақысының 50 пайызы ұсталып қалуы мүмкін. Алайда қалған бөлігі міндетті түрде қолма-қол берілуі тиіс. Осылайша, банктердің жалақыны толық бұғаттауына жол бермеу көзделіп отыр.

Мұрат Әбенов бұл мәселе бойынша Ұлттық банкпен келіссөз жүргізілгенін атап өтті. Оның сөзінше, ұсынысқа қарсы тарап жоқ, енді тиісті өзгерістерді Еңбек кодексіне енгізу жоспарланып отыр.

Депутат сондай-ақ нотариустардың сот шешімінсіз шоттарды бұғаттау тәжірибесін сынға алды. Оның пікірінше, мұндай жағдайлар азаматтардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіруде.

Ұқсас материалдар