Еуропалықтар қазақстандық Home Credit банкінің 75% акциясын ресейліктерден сатып алды
Қазақстан. 25 мамыр. 7kun.kz – Ресейлік «Хоум Кредит энд Финанс Банк» қазақстандық еншілес банк акцияларының 75%-ын пакетін Иржи Шмейц бастаған PPF Қаржы тобының топ-менеджментіне сатты. Бұл туралы қазақстандық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Енді рсейлік "Хоум Кредит энд Финанс Банк" ЖШҚ үлесі 25%-ға дейін төмендеді.
Банкте ресейлік акцияның әлі де азаюы үшін жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Иржи Шмейц – Чехияның Forbes тізімінде 13-ші орында тұрған кәсіпкер. Ол 2022 жылдың 15 маусымында Home Credit тобына иелік ететін PPF халықаралық инвестициялық-қаржылық холдингінің бас директоры ретінде жұмысқа кіріседі.
PPF Group және Home Credit мамырдың ортасында Ресейдегі банк активтері мен еншілес компанияларын РТС бұрынғы басшысы Иван Тырышкин бастаған ресейлік жеке инвесторларға сататынын хабарлады. Келіссөздер шеңберінде қазақстандық Home Credit банкі (Ресей HCF банкінің еншілес ұйымы) PPF және Home Credit акционерлері мен кейбір топ-менеджерлеріне сатылады.
Айта кетейік, «Хоум Кредит» Банкі 2005 жылы құрылған. Ол бөлшек несиелеуге маманданған, тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана несие береді.