FlyArystan әуе компаниясы Ақтау-Дубай-Ақтау бағыты бойынша рейстердің тоқтатылу мерзімін ұзартты.
Енді аталған бағыттағы ұшулар 19 сәуірге дейін жүзеге асырылмайды. Бұған дейін компания шетелдік рейстердің тек наурыз айының соңына дейін тоқтатылатынын хабарлаған болатын. Әуе тасымалдаушының мәліметінше, шешім Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қабылданған.
Компания өкілдерінің айтуынша, осы кезеңге билет алған жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. Атап айтқанда, олар билет құнын толық әрі айыппұлсыз қайтара алады немесе сапар күнін басқа мерзімге тегін ауыстыру мүмкіндігіне ие.
FlyArystan жолаушыларға өзгерістерді алдын ала тексеріп, жоспарларын соған сәйкес реттеуді ұсынады.





