Қазақстандық лоукостер FlyArystan қысқы маусымға арналған Үрімші (Қытай) және Кутаиси (Грузия) бағыттарында жеңілдіктер жариялады.
Арзан билеттердің бағасы 26 мың теңгеден басталады.
Компания мәліметінше, 24-25 қараша күндері жолаушылар 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 15 наурызға дейін орындалатын халықаралық рейстерге арнайы бағамен билет сатып ала алады. Жеңілдіктер келесі бағыттарға енгізілді:
-
Астана – Кутаиси – 36 351 теңге, кері бағыт – 36 286 теңге;
-
Алматы – Кутаиси – 38 707 теңге, кері бағыт – 36 286 теңге;
-
Ақтау – Кутаиси – 26 292 теңге, кері бағыт – 26 555 теңге;
-
Атырау – Кутаиси – 28 868 теңге, кері бағыт – 26 555 теңге;
-
Астана – Үрімші – 39 519 теңге, кері бағыт – 33 817 теңге.
Компанияның хабарлауынша, Кутаисиден Еуропаның басқа да ірі қалаларына қолжетімді бағыттар ашылады. Ал Үрімші Қытайдың ішкі бағыттарына саяхат жасауға мүмкіндік береді, себебі ел ішінде көлік қатынасы жақсы дамыған.
FlyArystan билет құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін лоукостер Дубай бағытына билеттерді 100 долларға дейін арзандатқан еді.





