ForteBank жеке тұлғаларға арналған жаңа ForteApp мобильді қосымшасын іске қосты. Сондай-ақ банктің логотипі мен ұрансөзін өзгерткені белгілі болды.
Қаржы институты қосымша туралы ресми хабарлады. Ал ребрендинг туралы ресми ақпарат таратпады. Ол туралы тек марктеинг директоры Антон Ким Facebook парақшасында жазды.
Банктің хабарлауынша мобильді қосымшада дизайнынан бастап мазмұнына дейін барлығы жаңартылған. Ең негізгі өзгеріс - барлық сервис басты беткен шығарылған.
Айта кетейік, банк активтері мен меншікті капиталы бойынша елімізде бесінші орында – сәйкесінше 3,4 трлн және 423 млрд теңге. Ол сондай-ақ депозит көлемі бойынша жылдық өлшеммен бесінші орынды сақтап қалды – 2,3 трлн теңге. Алайда желтоқсан айының қорытындысы бойынша ТОП-10 банктің ішінде 9-шы орында.