Жуырда Қытайға мемлекеттік сапармен барған Франция президенті Эмманюэль Макрон елге оралды.
Ол Echos газетіне берген сұхбатында, егер Бейжің сауда келіспеушіліктеріне жауап бермесе, Еуроодақ жақын арада қатаң шаралар қолдануға мәжбүр болатынын айтты. Макрон АҚШ сияқты Қытай өнімдеріне баж салығы енгізу мүмкін екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, Қытай Еуропадан тауар импортын азайтып, нарыққа қысым жасап отыр, бұл әсіресе автомобиль өндірісі мен инновациялық секторға әсер етеді. Соңғы деректерге сәйкес, өткен жылы Франция мен Қытай арасындағы сауда тапшылығы шамамен 47 млрд еуро болды, ал 2025 жылдың алғашқы жартысында Қытайдың Еуроодақпен саудадағы оң сальдосы 143 млрд долларға жеткен.





