Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Freedom Broker кеңсесінде жедел-іздестіру шаралары жүргізілді

Freedom Broker кеңсесінде жедел-іздестіру шаралары жүргізілді
Бүгін КазТАГ дерекөзіне сілтеме жасап Алматы қаласындағы Freedom Broker кеңсесінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

«23 тамыз күні Freedom Broker бас кеңсесінде (Esentai Tower) ҚМА қызметкерлері біздің компанияның клиенттеріне және олардың қызметіне қатысты, атап айтқанда, 2020-2021 жылдары «Қазақтелеком» АҚ мен Kcell арасындағы акциялар пакетін сату мәмілелеріне қатысты қылмыстық іс аясында тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізуде», - деп хабарлаған дереккөзі ҚазТАГ-қа. 

Дереккөздің айтуынша, осындай тергеу жеке құрылымдарда, брокерлік компанияларда, биржада және мемлекеттік мекемелерде де жүргізілуде.

Кешке қарай ақпаратты растап, Freedom Holding Corp. құрамына кіретін Freedom Broker өз кеңсесінде жүргізілген тексеру амалдары 2021 жылғы Kcell акцияларының саудасына қатысты тергеу амалдарының аясында жүргізілгенін хабарлады. Бұл туралы  Курсив жазды. 

«Freedom Broker бірқатар БАҚ-да жарияланған, 2024 жылғы 23 тамызда компанияның Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 77/7 (Esentai Tower бизнес орталығы) мекенжайы бойынша орналасқан компанияның бас кеңсесінде уәкілетті органдар «Фридом Финанс» АҚ жекелеген клиенттерінің бағалы қағаздармен жасасқан операцияларына қатысты қылмыстық тергеп-тексеру шеңберінде жедел-іздестіру шараларын жүргізгені туралы ақпаратты растайды. Атап айтқанда, іс «Қазақтелеком» АҚ-ның Kcell акцияларын KASE алаңында сату бойынша мәмілелеріне қатысты. Олардың бірқатары бойынша клиенттерге брокерлік қызметті «Фридом Финанс» көрсеткен болатын», – деп жазылған Курсив жариялаған Freedom Broker хабарламасында. 

Сайттың жазуынша тергеу 2021 жылдың қыркүйегінде аяқталған мәмілеге қатысты болуы мүмкін. Сол тұста «Қазақтелеком» Kcell ұялы байланыс операторының 24% акциясын сатты. Негізгі сатып алушылар Jusan Bank (9,08%) және Люксембургтегі Pioneer Technologies (14,87%) болды. Екі компания Kcell операторының нарыққа ұсынылған 24% пайыз акциясының 23,95%-ын иеленді. 


Ұқсас материалдар