Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Геологиялық материалдар 2026 жыл соңына дейін толық цифрланады

Геологиялық материалдар 2026 жыл соңына дейін толық цифрланады

Қазақстанда геологиялық материалдардың 97,5%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды, ал толық сканерлеу 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асырып жатқан ұлттық бағдарлама аясында хабарланды.

Геологиялық ақпаратты цифрландыру инвесторларға ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді және жасанды интеллект қолдану арқылы талдамалық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Қазіргі уақытта 66 180 екінші реттік геологиялық есеп Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталында онлайн түрде қолжетімді. Бұл мүдделі пайдаланушыларға геологиялық қорларға бармай-ақ материалдармен танысуға мүмкіндік береді.

Соңғы деректерге сәйкес, 2023-2024 жылдары 2,7 млн, 2025 жылы 1,97 млн геологиялық материал цифрлық форматқа көшірілген. Жалпы, шамамен 4,7 млн материал цифрланған, бұл бастапқы деректердің 97,5%-ын құрайды. Қалған ақпарат 2026 жылға дейін цифрландырылып, геологиялық деректерді толық онлайн қолжетімді ету жоспарланған.

Бұл шара ел аумағын зерттеу деңгейін арттыруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге және геологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас материалдар