Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Халықаралық валюта қоры миссиясы Қазақстанның банк секторын оң бағалады

Халықаралық валюта қоры миссиясы Қазақстанның банк секторын оң бағалады

2025 жылғы 6-19 қараша аралығында Али Аль-Эйдтің басшылығымен Халықаралық валюта қорының миссиясы Алматы мен Астанада болып, ХВҚ Жарғысының ІV бабына сәйкес Қазақстанмен консультациялар жүргізді.

Сапар аясында ХВҚ өкілдері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовамен кездесті. Тараптар елдің қаржы жүйесінің қазіргі жағдайын, Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) ұсынымдарының орындалуын және жаңа «Банктер туралы» заңның негізгі жаңалықтарын талқылады.

Консультациялардың қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясы қорытынды мәлімдеме жариялап, Қазақстанның банк жүйесінің орнықтылығын атап өтті. Екінші деңгейлі банктердің капитал, өтімділік және рентабельділік көрсеткіштері жоғары деңгейде сақталып отыр, ал проблемалық активтердің үлесі төмен.

Сарапшылар тұтынушылық несие көлемінің өсуіне назар аударып, осы сегменттегі тәуекелдерді төмендетуге бағытталған реттеушінің пруденциялық шараларын оң бағалады. Сонымен қатар, FSAP ұсынымдарын іске асыруда Қазақстанның айтарлықтай прогреске қол жеткізгені көрсетілді.

Алдағы кезеңдегі басымдықтарға төлем қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу және жаңа заң аясында цифрлық активтерді реттеу мен қадағалауды қалыптастыру енгізілді.

ХВҚ миссиясы Агенттіктің институционалдық әлеуетін одан әрі күшейту қажеттігін, қажет болған жағдайда қосымша ресурстар бөлу маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас материалдар