Жаңалықтар
Huawei алғашқы флагмандық смартфонын қытайлық операциялық жүйемен шығарды
Қытайдың Huawei компаниясы сейсенбі күні Mate 70 смартфонын HarmonyOS Next операциялық жүйесімен сатылымға шығарады, – деп жазды Financial Times.
Бұл – компанияның толығымен қытайлық операциялық жүйеде жұмыс істейтін алғашқы флагмандық смартфоны.2019 жылы АҚШ санкцияларынан кейін Huawei Google-дің мобильді қызметтеріне қолжетімділігінен айырылып, өз пайдаланушылары Android-қосымшаларын іске қоса алуы үшін Android ашық бастапқы коды негізінде HarmonyOS жүйесін жасаған еді.
HarmonyOS Next “нативті Harmony” деп аталады. Бұл жүйе HarmonyOS үшін әзірленген қосымшаларды қолдамайды.
Huawei мәліметі бойынша, жаңа операциялық жүйеге арналған 15 мың қосымша мен сервис әзірленген. Олардың ішінде Tencent компаниясының WeChat мессенджері, Alibaba компаниясының Taobao маркетплейсі және Meituan жеткізу сервисі бар.Өткен жылы Huawei өз процессоры мен 5G қолдауымен Mate 60 смартфондарын таныстырған болатын.