Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті

Қазақстан Ішкі істер министрлігі елде алаяқтардың жаңа схемасы таралып жатқанын хабарлады.

Қаскүнемдер өздерін компания, мемлекеттік орган немесе ЖОО басшысы ретінде таныстырып, жалған аккаунттар мен бөтен нөмірлер арқылы хабарласады.

Олар азаматтарды деректердің таралуы немесе қаржы жоғалту қаупімен қорқытып, жедел әрекет етуді талап етеді. Кейін “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” атынан байланысқа шығып, ақшаны “қауіпсіз шотқа” аударуға көндіреді.

ІІМ мұндай әрекеттердің алаяқтық екенін ескертіп, банктер мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін атап өтті. Азаматтарға күмәнді нұсқауларды орындамау және ақпаратты тек ресми көздерден тексеру ұсынылды.

Ұқсас материалдар