Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ІІМ фармацевтерге маңызды ескерту жасады

ІІМ фармацевтерге маңызды ескерту жасады

Ішкі істер министрлігінің өкілдері «трамадолды» дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

2023 жылы «трамадол» психотропты заты есірткі тізіміне енгізілген. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін «трамадол» ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылған. Қазір ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.

– Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден аса таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотропты заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, есірткіні заңсыз өткізу болып саналатынын ескертеміз, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Айта кетейік, бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас материалдар