Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Интернет алаяқтар концертке билет сата бастады

 Интернет алаяқтар концертке билет сата бастады

Ішкі істер министрлігі азаматтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алу кезінде барынша мұқият болуды ескертеді.

Елімізде интернетте билеттерді сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар жиілеген.  

Алаяқтар көбіне мына схема бойынша әрекет етеді:

  • Интернет желісінде билеттерді қолжетімді бағаға ұсынып, ақша аударылған соң жоқ болып кету;
  • Билет табуға көмектесуді сылтау етіп, ақшаны қолды қылу;
  • Ресми нұсқадан айнымайтын, бірақ іс жүзінде жарамсыз билеттерді сату.

«Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал», – деп атап өтті ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ұқсас материалдар