Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ипотекаға баспана алудың шарттары өзгереді

Ипотекаға баспана алудың шарттары өзгереді

Енді құрылыс басталмай тұрып банк ипотека бермейді және салынып жатқан тұрғын үйді қолма-қол ақшаға сатып ала алмайсыз.

  Бүгін Сенатта үлестік құрылысқа бақылауды күшейту туралы заң жобасы мақұлданды.

Құрылыс компанияларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, көпқабатты үйдің қаңқасы тұрғызылған соң және Бірыңғай оператордың кепілдігі бар жағдайда банктердің қатысуымен үлескерлік құрылысқа рұқсат беріледі.

Дегенмен салынып жатқан үйлерді сатып алу бойынша алдын ала шарт жасасуға болмайды. Үлескердің ақшасын тарту ісін жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Салынып жатқан көпқабатты нысандарға ипотека рәсімдеуге және үлескерлердің қаржысын рұқсатсыз жарнамаға тартуға тыйым салынбақ.

Ұқсас материалдар