Жаңалықтар
Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің әскери-патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және Отан қорғауға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылар әскери дайындық элементтері, саптық жүріс, эстафеталық жарыстар мен түрлі спорттық тапсырмалар бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Нұркен Әбдіров атындағы мектеп иеленді. Ал 2 орынға №77 мектеп командасы лайық деп танылса, 3 орынды №48 мектептің оқушылары еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әскери бөлім басшылығы тарапынан дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери қызметтің ерекшеліктері жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар әскери қызметшілер жастарға патриотизмнің маңызы мен елге қызмет етудің абыройлы міндет екенін түсіндірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әскери-патриоттық шаралар жас буынның елге деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта әскери мамандықты таңдауға ынталандырады.





