
2026 жылы Қазақстан парламентінің жұмысын қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 7,8 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
«Бұл қаражат толықтай еңбекақы төлеу қорына бағытталады. Яғни, мәжіліс және сенат депутаттары, сондай-ақ парламент аппаратының саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы осы қаржы есебінен төленеді», – деді вице-министр мәжіліс кулуарында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, бұл сома 2026 жылға жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 538,2 теңгеге тең. Бұл есеппен алғанда, 7,8 млрд теңге шамамен 14,5 миллион АҚШ долларын құрайды.