Жаңалықтар
Каспий теңізінде екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
"Бүгін, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды", деп хабарлады министрлік.
Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен еді. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Бұған дейін министрлік іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылып жатқаны туралы хабарлаған еді. Операцияға оқиға орнында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басшылық жасаған. Сондай-ақ қазіргі кезде оқиға орнында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған Үкіметтік комиссия жүр.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 сентября, 2026





