Платформаның есебінше Қазақстанда шаңғы тебуге болатын 19 курорт бар, оның 2-дегі лифттер саны 2, лифттердің жалпы саны - 25. Ал шаңғышылардың жалпы саны - 266 мың, шетелдік шаңғышылардың үлесі - 2%, шетелдік шаңғышылар елге ең көбі 5 күнге келеді, шаңғы тебушілер ел азаматтарының 1.39% тең, дейді. Көрші Қырғызстан 31 орында.
Әлем бойынша шаңғы курорттары бар 67 ел рейтингіндегі бірінші ондыққа Қытай, Германия, Жапония, АҚШ, Ресей, Италия, Франция, Канада, Польша, Австрия кірген.
Шаңғы курорттарының саны бойынша көшбасшылар:
- Қытай 778 курортпен бірінші орында, бірақ олардың тек 86-да 5-тен астам көтергіші бар. Алайда Қытай курорттардың саны бойынша көшбасшы болғанымен, олардың инфрақұрылымы (көтергіштер саны) Еуропа елдерінен әлдеқайда төмен. Қытайда 13 миллион шаңғышы бар.
- Германия мен Жапония сәйкесінше 498 және 497 курортпен екінші және үшінші орындарда. Германияғы шаңғышылар саны 14 миллионды, Жапонияда 11,4 миллионды құрайды.
5-тен астам көтергіші бар курорттар:
- АҚШ 353 курортпен ерекшеленеді және жалпы рейтингте төртінші орында. АҚШ-та шамамен 25 миллион шаңғышы бар.
- Италия (216) мен Франция (235) да осы санатта жоғары нәтиже көрсетіп отыр.
Көтергіштердің жалпы саны:
- Франция көтергіштердің жалпы саны бойынша бірінші орында (3,113), одан кейін Италия (2,127) және Австрия (2,930). Францияда 8,6 млн, Италияда 7,3 млн шаңғышы бар.
HelloSafe сарапшылары рейтингте Қазақстанды, Грузия және Үндістанмен қатар жаңа бағыттар деп атаған. Сондай-ақ бұл елдерде шаңғы спортының пайда болуы Альпі елдерінен тыс халықаралық деңгейге таралғанын көрсетеді, деп жазады. Әдетте инфрақұрылымы аз, бірақ ерекше табиғи көріністер мен мәдениеті бар бұл орындар жаңа тәжірибелерді іздейтін клиенттерді қызықтыруы мүмкін, дейді.