Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен АҚШ атом энергетикасы бойынша кадр даярлауды бастады

Қазақстан мен АҚШ атом энергетикасы бойынша кадр даярлауды бастады

Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп атом энергетикасы саласына мамандар дайындауға кірісті.

FIRST бағдарламасы аясында Алматыдағы Ядролық физика институтына америкалық Holtec International және WSC Inc. компаниялары әзірлеген шағын модульдік реактордың оқу симуляторы орнатылады.

Жоба аймақтағы SMR технологияларын қауіпсіз енгізуге арналған оқу-тренинг орталығының базасын қалыптастырады. Сонымен қатар, Sargent & Lundy компаниясы Қазақстанда шағын модульдік реакторларды орналастыру мүмкіндіктеріне техникалық-экономикалық зерттеу жүргізеді.

Қазақстан FIRST бағдарламасына 2022 жылдан бері қатысып келеді және Орталық Азиядағы алғашқы әріптес ел саналады.

Ұқсас материалдар