Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мұнайы жөнелтілетін Ресей терминалына шабуыл жасалды

Қазақстан мұнайы жөнелтілетін Ресей терминалына шабуыл жасалды

Ресейдің Новороссийск қаласындағы теңіз портында шабуыл болғаны хабарланды.

Ресейлік дереккөздердің мәліметінше, соққы Шесхарис мұнай құю кешені нысанына тиген. Алдын ала ақпарат бойынша терминалдағы жеті мұнай құю стендінің алтауы зақымданған. Қирау көлемі мен кешен жұмысына әсері туралы ресми деректер әлі нақтыланып жатыр.

Бұл кешен Ресей оңтүстігіндегі негізгі мұнай тораптарының бірі саналады. Ол арқылы Батыс Сібір, Орал, Поволжье өңірлерінен, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжаннан жеткізілетін мұнай экспортталады.

Сарапшылардың айтуынша, терминал жұмысының тоқтауы немесе шектелуі Қара теңіз арқылы мұнай тасымалына әсер етуі мүмкін.

Ұқсас материалдар