Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан өнімдері Қытайға жол тартты: Тяньцзиньде ресми кеңсе ашылды

Қазақстан өнімдері Қытайға жол тартты: Тяньцзиньде ресми кеңсе ашылды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында 100 шаршы метрлік Kazakhstan Hall кеңсесі ашылды.

Ол азық-түлік өнімдерін насихаттауға басымдық беріп, Қазақстан бизнесінің Қытайдағы ресми өкілдігіне айналмақ.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл бастама 2025 жылғы маусымда Астанада QazExportPromotion қоры мен Қытайдың Silvery Dragon Group Technology and Trade Co., Ltd. компаниясы қол қойған меморандум негізінде жүзеге асты.

«Бүгінде Kazakhstan Hall әзірге пилоттық форматта жұмыс істеп тұр. Құжаттар рәсімделген соң, QazTrade өкілдігі мәртебесін алады. Ресми ашылуы осы жылдың күзіне жоспарланған», – делінген министрлік хабарламасында.

QazTrade дерегінше, Қазақстан мен Тяньцзинь арасындағы тауар айналымы жыл сайын тұрақты өсіп келеді:

  • 2023 жылы – $347,9 млн,

  • 2024 жылы – $474 млн.

Тяньцзиньнің рөлі

Тяньцзинь – Шанхай ынтымақтастық ұйымының басты сауда хабы. Қала порты арқылы жүк тасымалы мен логистикалық қызмет кең көлемде жүзеге асады. Қазақстан бұл жобаға қосылу арқылы ШЫҰ елдері үшін арнайы «жасыл дәлізді» пайдалану және Азия мен Еуропаны байланыстыратын мультимодальды бағыттарға шығу мүмкіндігіне ие болды.

QazTrade пікірі

QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров:

«Тяньцзиньдегі QazTrade кеңсесінің ашылуы – біз үшін үлкен жаңалық. Тяньцзинь порты арқылы әлемнің кез келген еліне тауар жеткізу жеңілдейді. Сонымен қатар өкілдік арқылы Қытай нарығында цифрлық сауданы дамытып, инвестиция тартуды көздеп отырмыз», – деді.

Ұқсас материалдар