Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған үш елдің бірі

Қазақстан Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған үш елдің бірі

  2024 жылы Өзбекстан шет елдерден 24 мыңнан астам электромобиль импорттады. Осылайша, еліміз Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған елдердің үштігіне енді. 

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр импорт 8 мың көлікке, яғни 1,5 есе өсті. Әкелінген темір тұлпарлардың жалпы құны 224,8 млн долларға бағаланды.

Бұл ретте импорттың 99% Қытайдың үлесінде (23 982 көлік). Одан кейінгі орындарда Қазақстан (51 көлік), Гонконг (17 көлік) және Германия (15 көлік) тұр. 

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстан жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатқанын жазып едік. Былтыр көршілес мемлекетке шет елдерден 1,28 млрд долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлік әкелінген.

Ұқсас материалдар