Бұл туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәлімдеді.
Жоба аясында жаңа нысандармен қатар, қолданыстағы инфрақұрылым да жаңартылады. Атап айтқанда, 37 су қоймасы мен 110 гидротехникалық құрылыс реконструкцияланып, 14,5 мың шақырым су арналары жаңғыртылады. Сондай-ақ 557 нысанның техникалық жағдайына тексеріс жүргізіледі.
Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы министрлік 147 инфрақұрылымдық жобаны іске асырып, оның 53-ін аяқтаған. Соның ішінде 677 шақырым ирригациялық жүйе жаңғыртылып, Қызылағаш, Киров, Қапшағай және Шар су қоймалары реконструкцияланған. Сонымен қатар 15 топтық су құбыры салынып немесе жөнделген.





