Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 22 мыңнан астам су нысаны цифрландырылды

Қазақстанда 22 мыңнан астам су нысаны цифрландырылды

Қазақстанда су ресурстарын басқаруды жетілдіру мақсатында ұлттық цифрлық жүйе әзірленіп жатыр. Бұл туралы өңірлік экологиялық форумда мәлім болды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда жүйеге 22 мыңнан астам су нысаны енгізілген. Олардың қатарында өзендер, көлдер және гидротехникалық құрылыстар бар.

Ведомствоның Жерасты сулары департаменті басқармасының басшысы Ляззат Зиябекова бұл платформа жерүсті және жерасты сулары, су пайдалану және инфрақұрылым туралы деректерді біріктіретінін айтты.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін жүйеге каналдарды қоса алғанда, негізгі инфрақұрылым толық енгізіледі. Соның негізінде елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады.

Мамандардың пікірінше, бұл жүйе су ресурстарының нақты көлемін, олардың жиналуын және экономика салалары бойынша тұтынылуын тиімді талдауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар