Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық дайындалды

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық дайындалды

Қазақстандық агросала өкілдері 4 қазандағы жағдай бойынша 15  млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан жуық астық бастырылды, деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Еліміздегі жалпы егіс алқабы 16,7 млн га екенін ескерсек, орылған көлем 89,8% құрайды. 
АШМ хабарлауынша бидай 12,1 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна, арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна, сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды.

108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 105,3 мың га жиналды, өнімділігі 259,3 ц/га болған кезде 2,7 млн тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн тоннадан асты.

Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Баспасөз қызметінің хабаралуынша, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Ұқсас материалдар