Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елімізде микроқаржы ұйымдарынан кредит алатын азаматтар қатары күрт өскен.
Олардың үлесі 2024 жылғы қаңтар мен қазан айының аралығында 25 пайызға артқан. Ал қарыз сомасы 1 триллион теңгеден асқан екен.
Айта кетейік, азаматтар несие алуға шектеуді eGov порталы арқылы қоя алады.