Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Энергетиктердің жалақысы жыл сайын 15 пайызға өседі

Энергетиктердің жалақысы жыл сайын 15 пайызға өседі

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмысшы мамандықтардың рөлі мен беделін арттыру үшін салада қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

«2025 жылдан бастап энергия өндіруші кәсіпорындарда өндірістік қызметкерлердің жалақысын жыл сайын 15 пайызға өсіру жоспарлануда. Отын-энергетика кешені салалық кәсіподақтарының жұмысын жандандыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Салалық келісімдерді жаңарту да көзделген», деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

 Оның айтуынша, «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауын және KMG World Skills ұлттық чемпионатын өткізу, «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысу жоспарланып отыр.

 Оған қоса, Мұнай және газ саласы қызметкерлері күні, Энергетика қызметкерлері күні, Атом өнеркәсібі қызметкерлері күні, Бұрғылаушылар күні аталып өтеді.

Сонымен бірге, жұмысшы мамандықтардың имидждік-ақпараттық роликтерін, бейнесұхбаттар мен бейнероликтер түсіру, ашық есік күндерін өткізу және жастарға арналған техникалық мамандықтарды танымал ету үшін кәсіптік бағдарламалар жүргізіледі.

Ұқсас материалдар