
Ұлттық банктің ресми есебінде 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 40,9 трлн теңгені құрап, 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 22,3% ұлғайған.
Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,0% бизнес кредиттеріне тиесілі (кәсіпкерлер бизнес мақсаттары үшін алған несие) 54%-ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.
Бұл ретте бизнеске кредиттер өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 20,6% өсіп, 18,8 трлн теңгені құраса, халыққа кредиттер 23,7% ұлғайып, 22,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өскен. Банк секторының кредиттері жалпы несиелердің жалпы көлемінің 85,8%-н құрады.