![Қазақстанда орташа жалақы 434 мың теңгеге өсті](/uploads/posts/1739188113_a0ps_sMaeELkpkpktPB2xS4LeLCogSm1/image/post7.jpeg)
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы – 308 717 теңге, ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда атаулы жалақы – 434 982 теңгеге көтерілгенін, бұл 2023 жылға қарағанда өсімде 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өскенін хабарлады.
4-тоқсанда жалақы жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен көбейеді.
Орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс саласында байқалды, 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 32,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 22,7%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3% көбейді. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 7,6%, білім беру саласында орташа айлық жалақы 5% өсті.
Бір жылда орташа айлық атаулы жалақы Алматы мен Шымкентте ең көп өсті. Алматы мен Шымкентте –13,6%, Қарағанды облысында – 13,2%, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9% және Ақтөбе облысында – 12,6%.
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас – 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 февраля, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 февраля, 2025