Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда соңғы екі жылда 17 кен орны ашылды

Қазақстанда соңғы екі жылда 17 кен орны ашылды

Қазақстанда соңғы екі жылда 17 кен орны ашылды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде геологиялық барлау жұмыстары белсенді жүргізіліп, нақты нәтижелер бере бастаған.

Сондай-ақ Қарағанды облысында сирек жер элементтері, соның ішінде лантаноидтар бойынша жоғары әлеует бар екені атап өтілді.

Қазіргі уақытта бұл бағытта қосымша зерттеулер жүргізіліп, инвестициялар мен заманауи технологиялар тартылуда.

Мамандар аталған кен орындарын болашақта игеру елдің минералдық-шикізат базасын нығайтуға ықпал етеді деп отыр.

Ұқсас материалдар