Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тепловоз өндірісі төмендеді: Биыл 62 локомотив құрастырылды

Тепловоз өндірісі төмендеді: Биыл 62 локомотив құрастырылды

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қарашасында 62 дизельді тепловоз құрастырылды.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Былтыр дәл осы кезеңде 78 локомотив жасалған еді, яғни өндіріс көлемі қысқарған.

Елдегі басты өндіруші – 100% Wabtec компаниясына тиесілі «Локомотив құрастыру зауыты». Кәсіпорын қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» үшін ES44ACi (ТЭ33А) сериялы тепловоздарды құрастырумен айналысып жатыр.

Алдағы 10 жылда зауытта 300 жаңа ТЭ33АТ локомотивін шығару жоспарланған. Бұл жоба теміржол паркін жаңартып, транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталмақ.

Ұқсас материалдар