Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда жаңа көші-қон саясатының жобасы дайындалды

Қазақстанда жаңа көші-қон саясатының жобасы дайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Қазіргі уақытта құжат Үкіметте қаралып жатыр.

Тұжырымдаманың басты мақсаты – мигранттарды сапалы іріктеуге, көші-қон ағындарының теңгеріміне және адами капиталды дамытуға негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесін қалыптастыру.

Құжатта көші-қонды мониторингілеудің бірыңғай цифрлық жүйесін құру, еңбек көші-қонын реттеу және ынталандыру, сондай-ақ сыртқы көші-қонды басқару тетіктерін жетілдіру көзделген. Ерекше назар ішкі қоныс аударушылар мен қандастарды қолдауға, сондай-ақ білікті шетелдік мамандарды тартуға аударылады.

Министрлік мәліметінше, тұжырымдаманы іске асыру қосымша бюджет қаражатын талап етпейді. Оны жүзеге асыру үшін 73 іс-шара мен 14 нысаналы индикаторды қамтитын іс-қимыл жоспары дайындалған.

Ұқсас материалдар