2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін барлық зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.
Бұл норма жаңа Салық кодексінде бекітілген. БЖЗҚ мәліметінше, салықтық жеңілдік Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана қолданылады. Ал резидент емес азаматтарға төленетін зейнетақы төлемдерінен бұрынғыдай ЖТС ұсталады.
Осыған дейін БЖЗҚ-дан төленетін барлық зейнетақы төлемдері табыс ретінде қарастырылып, 10% мөлшерінде ЖТС ұсталып келді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін алынатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен де салық алынатын, азаматтар оны бірден төлеуге немесе зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдыруға құқылы болатын.
Енді қалай болады?2026 жылдан бастап резидент азаматтар үшін:
-
барлық зейнетақы төлемдерінен,
-
соның ішінде тұрғын үй мен емделуге арналған біржолғы төлемдерден ЖТС ұсталдымайды.
Сонымен қатар, бұрын кейінге қалдырылған салық міндеттемелері толық жойылады. Алайда бұған дейін бюджетке төленген салық сомалары кері қайтарылмайды.
Әлеуметтік осал топтарға жеңілдік сақталадыӘлеуметтік осал санаттағы азаматтар бұрынғыдай салықтық шегерім қолдану құқығын сақтайды. Олардың қатарына:
-
I, II, III топтағы мүгедектер,
-
мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар,
-
жетім балаларды асырап алғандар,
-
соғыс ардагерлері кіреді.
Егер осы санаттағы азаматтар бұрын біржолғы төлемнен салық төлеп қойған болса, БЖЗҚ-ға өтініш беріп, тиісті құжаттарды ұсыну арқылы үш жыл ішінде қайта есептетіп, салықты қайтарып ала алады.
Тағы қандай өзгерістер бар?2026 жылдан бастап жеке тұлғаның өз атынан аударған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім жойылады. Алайда жұмыс беруші қызметкер үшін төлеген ерікті жарналар қызметкердің табысы болып саналмайды және оған ЖТС салынбайды. Сонымен бірге, жұмыс беруші бұл шығындарды корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге қоса алады.





