Жаңалықтар
Қазақстандық қызмет экспорттаушылар мен инвесторлар ТМД нарығын белсенді игереді

Келісімді ратификациялау қазақстандық көрсетілетін қызметтер экспортын әртараптандыруды, ТМД нарықтарындағы бизнестің позициясын нығайтуды және инвесторларға қатысты тәуекелдерді азайту үшін құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді.
2023 жылы Қазақстанның ТМД елдеріне қызмет көрсету экспорты 1,96 млрд долларды құрады. Негізгі бағыттар — көлік, құрылыс, IT және іскерлік қызметтер. Сонымен қатар, ТМД-дан Қазақстанға қызмет көрсету импорты 1,97 млрд долларды құрады.
Инвестициялар бойынша: 2023 жылы ТМД елдерінен Қазақстан экономикасына 3,2 млрд доллар инвестиция тартылды. Сондай-ақ, қазақстандық компаниялар ТМД елдеріне 3,4 млрд доллар инвестициялады.
Келісімде серіктестік нарықтарда ТМД-ға мүше елдерден көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін неғұрлым тиімді жағдайлар белгілеу, ұсыну және қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған. Бұл экспроприациядан қорғау және капиталды еркін аудару кепілдігін қоса алғанда, инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктер жасау мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ құжатта инвестицияларды реттейтін ережелердің болуы қатысушы мемлекеттердің қолайлы бизнес-ахуалын қамтамасыз ету үшін айтарлықтай ынталандырады, одан бөлек, инвестицияларды қорғау және көтермелеу туралы қолданыстағы екіжақты келісімдерді дамытуға жол ашады.