Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық оқушылар Қытайдағы робототехника чемпионатында 7 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Қытайдағы робототехника чемпионатында 7 жүлде жеңіп алды
Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында жеті жүлде иеленді.

7-10 тамыз аралығында өткен бұл дода робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңдардың біріне айналды. Биылғы жарыс «Су асты әлемін зерттеу» тақырыбында өтті. Чемпионатқа әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда және 12 мыңнан астам қатысушы жиналды.

Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетті.

Нәтижелер:

2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласы Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).

6 арнайы төрешілер жүлдесі:
• Innovation Project Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы («Келешек мектептері» жобасы);
• Core Values Award – Leas оқу орталығының Alliance командасы;
• Challenge Solution Award және Innovation Project Award – Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы («Келешек мектептері» жобасы);
• Core Values Award және Engineering Excellence Award – Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы («Келешек мектептері» жобасы);
• Challenge Solution Award – Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы («Келешек мектептері» жобасы);
• Team Poster Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы («Келешек мектептері» жобасы);
• Team Model Award – Алматы қаласындағы «Alem» инновациялық шығармашылық орталығының Alem Innovators командасы.

FIRST LEGO League – мектеп оқушыларының инженерлік және зерттеу дағдыларын LEGO Education платформасы арқылы дамытуға бағытталған жетекші халықаралық бағдарлама. Қазақстан мен Орталық Азияда бұл бағдарламаны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Ұқсас материалдар