Жаңалықтар
Қазақстандық әуе компания Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады

Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады.
Қазақстандық әуе компания мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.