Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 72 млрд теңге түсті

Жыл басынан бері ақылы жолдардан 72 млрд теңге түсті

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында республикалық маңыздағы ақылы жолдардан 72 млрд теңге түсті.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бұл қаржы жолдарды күтіп-ұстауға, жаңа техника сатып алуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Ақылы жолдар – өзін-өзі қаржыландыратын жүйе

Қазақстанның «Автомобиль жолдары туралы» Заңы және Үкіметтің №744 қаулысына сәйкес, «ҚазАвтоЖол» ақылы жол учаскелерін күтіп-ұстау мен дамыту бойынша ұлттық оператор болып табылады.
Ақылы жолдардан түскен қаражат арнайы есепшотқа жинақталып, мына бағыттар бойынша пайдаланылады:
• жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу;
• төлем алу жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
• жол-пайдалану техникасын жаңарту;
• жол қауіпсіздігін күшейту және пайдаланушыларға жайлы жағдай жасау.

Яғни жүргізушілер төлейтін әрбір теңге сол жолдың сапасы мен қызметін жақсартуға қайта жұмсалады. 

2024 жылғы нәтижелер

2024 жылы ақылы жолдардан 53 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл қаражат:
• ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға және төлем жүйесін жүргізуге;
• 680 бірлік жаңа жол-пайдалану техникасын сатып алуды қоса алғанда, капиталдық шығыстарға;
• өзге де міндетті шығындарға бағытталды.

Сондай-ақ 383 млн теңге республикалық бюджетке аударылды.

Жыл ішінде ірі көлемдегі жұмыстар атқарылды:

• 43 мың м² астам ойықтар жөнделді;
• 17,6 мың шақырым жол таңбалары жаңартылды;
• 29 мыңға жуық сигналдық бағанша орнатылды;
• ақпараттық және жарықтандырылған белгілер жөнделді;
• 2,3 млн м³-ден астам қар тазаланды және басқа да жұмыстар орындалды.

2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштер

2025 жылдың алғашқы он айында 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсім тіркелді. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырымға дейін кеңеюі және олардың санының 26 учаскеге жетуімен байланысты.

Қаражат негізінен мына бағыттарға жұмсалды:
• жолдарды және инфрақұрылымды күтіп-ұстау;
• капиталдық шығындар, оның ішінде 89 трактор сатып алу және 504 жаңа техника жеткізуге дайындық;
• өзге де қажетті шығындар.

Осы кезеңде атқарылған жұмыстар көлемі:

• 61,4 мың м² ойықтар жөнделді;
• 19,6 мың шақырым жол таңбасы салынды;
• 4 363 жол белгісі орнатылды;
• 31,6 мың погон метр қоршау жөнделді;
• 417 мың шақырым жол қардан тазартылды.

Ұқсас материалдар