Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жеке деректердің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жеке деректердің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

  Оның айтуынша, тиісті тапсырманы Бас прокурор берген.

«Қазірдің өзінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу үшін Ішкі істер министрлігіне берілді. Бірақ бап шеңберінде болғандықтан, мен бұдан артық ештеңе айта алмаймын», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тергеу дәл осы деректердің таралу фактісі бойынша басталған.

2025 жылғы 16 маусымда Қазнетте Қазақстан тұрғындарының жеке деректерінен тұратын 16,3 миллион жазба ашық қолжетімділікке шығып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Ұқсас материалдар