Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға деректерді өңдеу орталықтарына 10 млрд доллар инвестиция тартылады

Қазақстанға деректерді өңдеу орталықтарына 10 млрд доллар инвестиция тартылады

Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы аясында шамамен 10 млрд доллар инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлемде деректерді өңдеу қызметіне сұраныс қарқынды өсіп келеді және Қазақстан осы нарықтағы үлесін арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта бірқатар шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, кейбір келісімдерге қол қойылған.

Премьер-министрдің сөзінше, жуырда америкалық Firebird компаниясымен келісім жасалған. Оның стратегиялық серіктесі – әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың бірі NVIDIA. Осы жоба аясында ғана Қазақстанға 10 млрд долларға жуық инвестиция тартылмақ.

Ұқсас материалдар