Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға көлік әкелу ережесінде қандай өзгеріс болады?

Қазақстанға көлік әкелу ережесінде қандай өзгеріс болады?

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізілмекші. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді 3 жыл толмаған автокөліктерді КТБ құжатында (Көлік түрін бекіту) ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады.


Бұл құжат көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды.

Бұрын декларацияланған кез келген тұлға КТБ арқылы автокөліктерді импорттай алатын. Алайда, қазір импорт құқығы осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады.

Бұл өзгерістер Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленді және Қазақстанға автокөліктерді әкелуді оңтайландыруға бағытталған.

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде жыл басынан бері 25 мың экологиялық нормаларды бұзу фактілері тіркелген. Автокөліктерге қатысты салынған айыппұл сомасы 437,4 млн теңгені құраған.

Ұқсас материалдар