Ресейдің Федералдық кеден қызметі Қазақстаннан ел аумағына 2 122 жүк көлігінің жеңілдетілген тәртіппен өткенін хабарлады.
Ведомство Telegram-арнасында Тольятти қаласындағы уақытша сақтау қоймаларының бірінде түсірілген жүк көліктері көрсетілген видеоны жариялады.
Еске салайық, 2025 жылғы 24 қазанда Ресей Президентінің №778 Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге автокөлікпен тауар тасымалдау үшін уақытша жеңілдетілген режим енгізілген болатын. Ол 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Аталған мерзім ішінде Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге тауарларды ЕАЭО тауар мәртебесін растаусыз және міндетті маркалауды талап етпей-ақ автокөлікпен жеткізуге рұқсат беріледі.





