Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның Даму банкі Жетісудағы электр желілерін жаңғыртуға 9 млрд теңге бөледі

Қазақстанның Даму банкі Жетісудағы электр желілерін жаңғыртуға 9 млрд теңге бөледі

Қазақстанның Даму банкі мен «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясы» АҚ 9,16 млрд теңгеге кредит желісін ашу туралы келісімге қол қойды.

Жоба «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында Жетісу облысында электр желілерін жаңғыртуға бағытталған.

Қаржыландыру есебінен Талдықорған, Үштөбе, Сарқан қалалары және Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ, Ақсу аудандарында 465 шақырымнан астам электр желісі жаңартылып, екі ірі қосалқы станса реконструкцияланады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде өңірдегі электрмен жабдықтау сенімділігі артып, инфрақұрылым жаңарады. Нысандарды пайдалануға беру 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Жоба аясында көрсетілетін қызмет сапасы 1,5 млн-нан астам тұрғын үшін жақсарады.

Ұқсас материалдар