Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жылу энергетикасын дамытуға алдағы бес жылда 8 трлн теңге инвестиция тартылмақ

Жылу энергетикасын дамытуға алдағы бес жылда 8 трлн теңге инвестиция тартылмақ

Қазақстанның жылу энергетика саласын дамытуға 8 трлн теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің есебінде айтылды. 

Министрлік елдің энергетика саласын дамытуға бағытталған жобаларға 720 млрд теңгеге аукциондық сауда-саттық өткенін, бұл жобалардың жақын арада іске қосылатынын хабарлады.

«Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және «ЖЭК бойынша РФО» ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша жиынтық қуаты 1 682,4 МВт 66 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. Тартылған инвестициялар сомасы шамамен 720 млрд теңгені құрайды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл қаражатқа:

  • Қуаты 311,11 МВт болатын 34 гидроэлектростанция нысаны:
  • Қуаты 1 110 МВт жел электр станцияларының 20 объектісі;
  • Күн электр станцияларының 9 нысаны 250 МВТ;
  • Қуаты 11,35 МВт биогаз электр станцияларының 3 объектісі пайдалануға берілмекші.

Бұдан бөлек 2027 жылы министрлік қуаты 4 500 МВт-тан астам ЖЭК генерациясын салу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Энергетика министрлігі Қытай Халық Республикасымен ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойған. Қытай компаниясы жалпы қуаты 1,8 ГВт ЖЭК объектілерін салу жоспарланып отыр. Қазақстан тарапы бұл келісім контурына қосымша ЖЭК жобаларын енгізе алады.

Жалпы, елдің энергетика саласына тартылатын инвестициялар көлемі алдағы 5 жылда, яғни 2029 жылға дейін 8 трлн теңгеге жетуі мүмкін.

Ұқсас материалдар